Министр Алексей Цой мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында алдағы оқу жылында мектептер қашықтан оқуы керегін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Алдымен министр елдегі коронавирус жұқтыру дерегіне тоқталды

«Асқар Ұзақбайлы, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың шамамен 60 мыңнан аса дерегі тіркелді. Оның ішінде 1700-і бала. Карантин кезінде балалардың инфекция жұқтыру дерегі азайды», — деді ол Үкімет отырысында.

Кейін Алексей Цой мектептерде қашықтан оқыту маңызды екенін атап өтті.

«Мектептерде күндізгі оқуды жандандыру балалардың арасында аурудың таралуына және инфекцияның мектептен тыс аумақта, қоғамда таралуына жол ашуы мүмкін. Ұжымдарда коронавирус инфекциясы таралу қаупі басым. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі — 70 пайыз. Білім беру мекемелері арасында маусымдық ЖРВИ-мен ауыратындар саны өсетінін, әрі коронавирус ахуалының жағымсыз жағдайын ескере отырып, оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарындағы барлық сыныпты қашықтын оқытуды қарастырған жөн, шағын жинақты мектептерді есептемегенде», — деді ол.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61 755-ке жетті. 35 911 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *