Кафеде ауызашар жасауға болады — Қазақстан бас санитар дәрігері

Кафе мен басқа да тамақтану нысандарында ауызашар өткізуге болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Бұл туралы Қазақстан мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, — деп хабарлайды тілшісі.

Онлайн брифинг барысында бас санитар дәрігерге «Кафеге 30-50 адам шақырып, ауызашар жасауға бола ма?» деген сұрақ қойылған.

«Тамақтану нысандарына келер болсақ, 30 адамға дейін қабылдауға болады. Бірақ нақты бір талаптардың орындалуы керек. Ең маңыздысы — әлеуметтік қашықтық. Бірақ үйге 30-50 қонақ шақыруға болмайды. Бұған дейін туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғанын айтқанмын», — деп жауап берді Есмағамбетова.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова коронавирус ауызашарға барған адамдардан табылғанын айтқан еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *