Сенатор Алтынбек Нухұлы педагог, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды, — деп хабарлайды тілшісі.
«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады. Ұлт ұстазының ізбасарлары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың мерейтойлары, серіктесі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен кеше ғана дүниежүзілік деңгейде аталды», — деді Алтынбек Нухұлы премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өтуге байланысты ұсынысын айтты:
Депупат наурыздың соңында Сенат қабырғасында ұлттық құндылықтар тақырыбында парламенттік тыңдау өтетінін атап өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Байтұрсынұлы — әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда «ВКонтакте» желісінде парақшамызға тіркеліңіз!