«Қылмыстық жауапқа тартылады». Сәденов астаналықтарға ескерту жасады

"Қылмыстық жауапқа тартылады". Сәденов астаналықтарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов астаналықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды  тілшісі.

Департамент басшысы көшеде бетперде тағып жүру маңызды екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда медициналық бетпердені тағу-тақпау мәселесіне қатысты сұрақ көп. Бетпердені тағу керек. Өйткені, сіз вирусты инфекцияны тасымалдауыңыз немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер адам ауырғанын біліп, бетпердені тақпаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертемін», — деді Сәденов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті. 138 науқас жазылды, 14 адам қайтыс болды.

Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сау адамға бетперде тағудың қажеті жоқ екенін айтқан.

Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының байланысты бетпердені қандай жағдайда тағуға болатыны туралы кеңес берген.

Back to top button 1 2 3 4 5 6