Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы айтты, — деп хабарлайды тілшісі.

«Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Кейінгі тәулікте 309 жағдай болды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір 300-350. Коронавирус таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр. Аурудың төмендеу қарқыны сақталған жағдайда тәулігіне 300-ден кем жағдай болуы болжанады.

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрын 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге төмендеді. Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші — 54 пайыз», — деді Бекшин брифингте.  

Алматының бас санитария дәрігер қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі 20-39 жастағылар екенін айтты. Бұл бір аптада вирус жұқтырғандардың 28 пайызы.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстан бойынша 1 844 адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, 21 қазандағы мәлімет бойынша 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (44 971 КВИ+ және 6 347 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

политика использования cookie-файлов