Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәлімет шықты

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәлімет шықты

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған адам провизорлық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, — деп хабарлайды тілшісі. 

Қайтыс болған науқас 1950 жылғы қала тұрғыны.

«Өкінішке қарай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 1 адам қайыс болды. Марқұмның туған-туысқандарына көңіл айтамыз. Аталған азамат 11 сәуірде жедел-жәрдем қызметі арқылы провизорлық ауруханаға ауыр халде келіп түскен. Осыған орай жедел түрде реанимацияға жатқызылған. Қосымша ауруларына байланысты артериялық гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы және 2011 жылы короналық шот жасалған. Науқастың жағдайы келіп түскеннен бастап ауыр болған. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілді. Алайда 2020 жылы 10 сәуірде қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды. Сонымен қатар, туысқандары арасында жақын байланыста болған адамдар коронавирусқа тексеріліп, үй жағдайында карантинге орналасты», — дейді Сәуле Қисықова «Хабар 24» арнасындағы онлайн-брифингте.

Сәуле Қисықованың айтуынша, елордада коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 260-қа жеткен. Оның 48 пайызы ер, 52 пайызы әйел адамдар. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті. 138 адам жазылып шығып, 14 адам COVID-19-дан қайтыс болды.  

Бұған дейін коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар Нұр-Сұлтанда (2 адам), Алматы (2 адам), Шымкент қалаларында (2 адам), Шығыс Қазақстан (1 адам), Қарағанды (1 адам), Павлодар (1 адам) және Түркістан облыстарында (1 адам) тіркелді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 
 

Прочтите Это

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button