Коронавирус: халық санағын келесі жылға ауыстыру ұсынылды

Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке халық санағын келесі жылға ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы ҰЭМ Руслан Дәленов айтты, — деп хабарлайды тілшісі. 

«Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. (…) Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты. Басты себеп — санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қазақстанда халық санағы биыл 1 қазаннан 30 қазанға дейін өткізу жоспарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Back to top button 1 2 3 4 5 6