Бас санитар дәрігер коронавирус мамыр айында өрши түсетінін айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Бүгінде елімізде COVID-19 вирусын 2047 адам жұқтырған.

«Қазіргі таңда вирустық инфекциямен сырқаттанудың көбейі аурудың өршуі болып саналады. Эпидемиологиялық тұрғыда аурудың өсу қарқыны маңызды. Себебі, ол эпидемияның нақты таралуын көрсетеді. Аурудың өсу дерегі 3 ай бойы байқалады. Ол — наурыз, сәуір, мамыр айлары», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айжан Есмағамбетова коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін атап өтті.

«Бүгінде біз аурудың өршу кезеңіндеміз. Мақсатымыз — аурудың қарқынын алдымен 5 пайызға, кейін 1 пайызға дейін азайту. Бүгінде аурудың қарқыны — 8 пайыз. Мамыр айында инфекция жоқ болып кетпейді. Ол бұдан кейін де тіркелуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық шараларды тұрақты сақтау қажет», — деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 505 науқас аурудан жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Back to top button 1 2 3 4 5 6