Қазақстанда интернет жылдамдығы неге төмендегені айтылды

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев елімізде интернет жылдамдығы неге төмендегенін айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Оның айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгеннен бері «Қазақтелеком» компаниялар тобының сыртқы интернет арналарға трафигі 20 пайызға өскен. Ал Google, Youtube әлеуметтік желілері мен мессенджерлердің трафигі бірден 15 пайызға артыпты.

Осы орайда басқарма төрағасы елімізде интернет жылдамдығы төмендеуіне қосымша факторлар әсер еткенін жеткізді.

«Қазақстандықтардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшті, видеоконтентті қолданушылардың саны артты. Наурыз айында «Қазақтелеком» компаниясының абоненттік базасына 25 мыңнан астам үй қосылды. Сыртқы интернет желісінде трафикті айтарлықтай өсті. Осылайша, біз сыртқы интернет арналардың сыйымдылығын 365 гигабитке өсірдік. Карантин енгізілгенге дейін сыртқы трафик 1200 гигабит болса, қазір ол — 560 гигабит», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеев интернет жылдамдығын қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Back to top button 1 2 3 4 5 6