Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілген. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы наурызында инфляция — 6,4 пайызға тең болған.

«Осы жылдың наурызында жылдық инфляция 2020 жылға белгіленген 4,6 пайыз нысаналы дәлізден асып, 6,4 пайызға көтерілді. Инфляцияның негізгі үлесі — азық-түлік тауарларының қымбаттауы. Олардың өсуі — 9,3 пайыз. Мұнда динамика бір жағынан көкөністер бағасының науқандық өсуінен, екіншіден карантиннің енгізілуіне және сұраныстың туындауына байланысты», — деді ол.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев қант бағасының өскенін жеткізді.

«Осы жылдың наурызында басқа тауарларға қарағанда қант 8,5 пайызға, көкөністер мен жемістер 5,1 пайызға, қара бұрыш жармасы — 2,5 пайызға қымбаттады. Осылайша, наурызда азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2017 жылдан бергі барынша жоғары мәнге жетіп, 1,7 пайыз болды», — деді ұлттық банк төрағасы.

Back to top button 1 2 3 4 5 6