Қазақстанда 59 бала коронавирус жұқтырған — министр

Қазақстанда 59 бала коронавирус жұқтырған - министр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Оның айтуынша, елімізде 1091 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Олардың ішінде Алматыда — 271, Нұр-Сұлтанда — 260, Қызылорда облысында — 119, Қарағанды облысында — 77, Ақмола облысында — 73, Атырау — 62, Жамбыл облысында — 46, Түркістан облысында –  44, Шымкент — 38, Солтүстік Қазақстан облысында — 26, Алматы облысында — 22, Ақтөбе облысында — 11, Маңғыстау облысында — 10, Павлодар облысында — 10, Батыс Қазақстан облысында — 11, Шығыс Қазақстан облысында — 8, Қостанай облысында — 3,», — деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов 59 бала қауіпті індетті жұқтырғанын жеткізді.

«Балалардың арасында 59 науқас бар. Өткен тәулік бойынша 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі — 14,7 пайыз. Оның ішінде ең үлкен саны — Алматы қаласында (106), өсім деңгейі — 64 пайыз, Қарағанды облысында — 12, өсім деңгейі — 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында — 9, өсім деңгейі — 3,6 пайыз. Жалпы 14 адам қайтыс болды. Өткен тәулік бойынша 2 науқас көз жұмды», — деді ол.

Сондай-ақ, министр індеттен 138 науқас айыққанын атап өтті.

«Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық емханада жатыр. Олардың 57-сі бала. Жағдайы тұрақты — 82 пайыз, 770 науқас жеңіл жағдайда. Орташа деңгейде — 151, 16 пайыз. Ауыр деңгейде — 18 науқас, 2 пайыз. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған 8 науқас бар. Жалпы реанимациядан 16 адам шықты. Соңғы тәулік ішінде 3 адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды», — деп түйіндеді сөзін Біртанов.

Прочтите Это

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button