Алматының бас дәрігері коронавирусқа үш рет тест тапсырған

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбділдаев коронавирусты анықтау үшін 3 рет тест тапсырғанын айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Басқарма басшысы дербес оқшаулануына қатысты түсініктеме беріп, соңғы уақытта кеңседе қонып жүргенін атап өтті. Осы орайда ол коронавирусты анықтау үшін 3 рет тест тапсырғанын жеткізді.

«6 күн бұрын мен қаладағы орталық кликанық ауруханаға бардым. Әріптестерімді қауіп-қатерге ұшыратпас үшін өзімді оқшаулауды жөн көрдім. Олармен бірге карантинге алынған сәттен бастап, 3 рет талдау өткіздім. Барлығының нәтижесі теріс… Офисте қонып жүрмін», — деді ол «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 1275-ке жетті. 203 науқас жазылды, 15 адам қайтыс болды.

Прочтите Это

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button