Алматыда омикрон штамына байланысты зерттеу нәтижесі қашан шығады?

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды тілшісі. 

Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.

«Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз — сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Бірақ созылмалы зерттеу. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», — дейді Бекшин ӨКҚ брифингінде.

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, шетелден келгендер бүгінде арнайы қонақүйде карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде жатқандар да бар. 

Еске салайық, коронавирустың «омикрон» нұсқасын ДДСҰ сарапшылары «алаңдаушылық тудыратын» санатқа жатқызады, себебі оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-ақуыздың 32 мутациясы бар.